Маңғыстау техникалық колледжінің бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді.

gov.kz

Алматы, NEGE. Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.

Бұл факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру арнайы прокурорлармен жүргізілді.

Маңғыстау аудандық сотының 09.07.2025 жылғы үкімімен колледждің бас есепшісі ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2 тармағымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды