29 октября 2024 г. 16:36

Маңғыстау суретшілері мен қолөнершілерінің Шығыс Қазақстан облысындағы көрме-жәрмеңкесі басталды

Фото: Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының қолөнер және қылқалам шеберлерінің,зергерлерінің Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында «Атадан қалған асыл тін» атты көрме-жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау, NEGE. Іс-шараның басты мақсаты-маңғыстаулық қолөнершілер мен қылқалам шеберлерінің, зергерлердің, дизайнерлердің жұмыстарын креативті индустрия арқылы насихаттау,дәстүрлі өнеріміздің аталған жобаға икемділігін көрсету және қоғам арасында кеңінен таныту,эксклюзивті жергілікті берендтерді облыс көлемінде ғана емес, республикалық деңгейде таныстыру.

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында ұйымдастырылған көрме-жәрмеңкенің ашылуында қатысушыларға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев сөз сөйлеп, жасалып жатырған жұмыстарға сәттілік тіледі, сонымен қатар аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысының міндетін атқарушы Қасенов Самат Берікболұлы және мәдениет мекемелерінің басшылары, қала тұрғындары қатысты.

Фото: Маңғыстау облысы

Көрме-жәрмеңкеге бұйымдарын ұсынған Маңғыстаулық шеберлер:

1. Портрет, пейзаж жанрының шебері, суретші - Айжарық Мирман

2. Өнердің ең биік шыңдарының бірі – бейнелеу өнерінің өкілі суретші - Әбуғали Мыңбаев

3. Туған жеріне тән әдемі пейзажды, дала тылсымын әсерлі, шынайы жеткізе білетін суретші - Қуаныш Шынтемір

4. Тері-былғары бұйымдарының шебері - Марат Амантаев

5. Тамыры тереңге бойлаған дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті зергерлік саласының өкілі - Айша Қуандықова

6. Сән және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі – зергерлік өнерінің өкілі, жас зергер - Дамир Төребай

7. Ұлттық киімдер шебері, «Мәдина» тігін шеберханасының негізін қалаушы - Нағима Тасмұханбетов

8. Балаларға арналған ұлттық киімдер шебері, «Alinur Kids» брендінің негізін қалаушы - Өтес Қанат және Эльвира Кударова

9. Этнодизайнер, «Тарбия» сән үйінің жетекшісі - Тарбия Айдынбаева

Фото: Маңғыстау облысы

Көрме-жәрмеңкеге қатысушыларға халықтық «Отпан» фольклорлық ансамблі ән мен күйден шашу шашты. Көркемдік жетекшісі ҚР "Мәдениет саласының үздігі"Самат Шаухаров.

Көрме барысында шеберлер өздерінің зергерлік бұйымдарын, ұлттық киімдер коллекциясын ұсынды. Көрме-жәрмеңкенің 2 - бөлімі 29 қазан күні жалғасын табады.