Маңғыстау облысында полиция автокөлігі жол апатына ұшырады

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында полиция көлігі мен азаматтық автокөлік соғылды, – деп жазады жергілікті Lada.kz басылымы.

Lada.kz

Астана, NEGE.  Оқиға 25 қараша күні болған. Бейнежазбада патрульдік көлікке жоғары жылдамдықпен келе жатқан Toyota Camry соғылғаны көрінеді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлікті 17 жастағы жасөспірім жүргізген.

Оның ата-анасы кәмелет жасына жетпеген адамға көлік жүргізуге жол бергені үшін, сондай-ақ тәрбиелеу міндеттерін тиісті түрде орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, –делінген хабарламада.

Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасы бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды