Маңғыстау облысында мектептің төбесі опырылып түсті (видео)

23 шілдеде таңғы сағат 6:30 шамасында Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназияның акт залының төбесі құлады. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Коллаж

Алматы, NEGE. Абырой болғанда, төбе құлаған сәтте мектеп ғимаратында ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Құлаған бөлік шамамен 250 шаршы метр аумақты қамтитын акт залының төбесі.

Оқиға орнына арнайы мамандар шақырылып, тиісті тексеріс пен сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қазір құрылыс сапасына, ғимараттың техникалық жағдайына және пайдалану тәртібіне қатысты кешенді тексерістер басталды.

Аталған мектеп 2009 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген, 1200 оқушыға арналған.

Қазір оқып жатыр

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді