Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккен екі науқас Астанаға жеткізіледі

Маңғыстау облысында апаттан зардап шеккен екі науқас Астанаға жеткізіледі, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ДСМ

Алматы, NEGE. Автомобиль апатынан зардап шеккен екі науқас санитариялық авиация бортымен Жаңаөзеннен Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілген болатын. Ауыр жағдайдағы екі пациентті одан әрі емдеу бойынша бүгін мамандардың қатысуымен телемедициналық консультациялар өткізілді. Алдағы күндері олар Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының клиникасына жатқызылады.

Апаттан зардап шеккен үшінші адам Жаңаөзен қаласының ауруханасында қалды, оның жағдайы тұрақты.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды