Маңғыстау облысында 33 жастағы ер адам көлікке мініп, жоғалып кетті

Маңғыстау облысының тұрғыны Ерлан Есмағамбетов «Кендірлі» демалыс базасының маңында жоғалып кетті. Ер адамды іздеуге Lider.kz іздеу-құтқару қозғалысының еріктілері қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. 17 наурыз күні сағат 05:00-де Ерлан Есмағамбетов «Кендірлі» демалыс орталығынан Ақтауға жету үшін өтіп бара жатқан көлікке мінген.

Біраз жол жүріп, көліктен түседі. Ер адам негізгі асфальт жолға дейін 20 минуттай жүруі тиіс болған.

Әзірге Ерлан Есмағамбетовтың қайда екені белгісіз.

Белгілері:

– Бойы 170-175 сантиметр, орта денелі, көзі қара, шашы қысқа.

Киімі:

– «АТФ» деген жазуы бар қара бушлат, спорттық шалбар мен қара кроссовка киген.

Хабар-ошарсыз кеткен адам туралы мәлімет білетіндерден 7 (700) 499-72-92 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Өзбекстандық блогер Бозжырада көлікпен сорға кіргені үшін айыппұл арқалады