Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді

Желіде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың хоккей ойыны алдындағы әрекеті қызу талқыланып жатыр.

Видеодан скрин/instagram.com/mangystautv.kz

Астана, NEGE. Ойын алдында түсірілген видеодан әкімнің Қазақстан туы бейнеленген шайбаны ойынға қоспай, өзімен бірге алып кеткенін көруге болады.

Әкімнің бұл әрекетіне желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде. Кейбіреулер әкімнің байқампаздығын мақтап жатса, енді біреулері ту бейнеленген шайбаны бірінші болып байқап, мұз бетінен көтеріп алған хоккейшіге алғысын білдіруде. Пікір білдірушілер арасында өңір басшысының бұл әрекетін хоккей ойынының ережесі ретінде түсіндіргендер де кездеседі.

«Мұны "символдық лақтыру" деп атайды. Мұндайда шайба ойынды бастап берген адамға сыйға беріледі. Ойын кәсіби шайбамен ойнатылады. Ережені біліп алған абзал», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Айта кетейік, бұл жағдай Ақтаудағы жаңа мұз айдынының ашылуы кезінде болған.

 

Қазір оқып жатыр

Жұмыс берушілер еңбекке араласқан жасөспірімдерді сақтандыруға міндеттелмек

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді