Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогі басталды

Бүгін Елордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Аталған додаға Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 82 спортшы қатысады.

Олардың ішінде ел біріншілігінде жүлдегер аталғандар мен жас спортшылар мұз айдынына шығады. Жарыста халықаралық дәрежедегі алты төреші төрелік етіп, бақылайды.

Жылдың басты бәсекесінің бірі саналатын Қазақстан кубогі Нұр-Cұлтан қаласындағы «Алау» мұз сарайында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды