Мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Олимпиадаға іріктеу турнирінде өнер көрсетіп жатыр

19 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан атынан алғаш болып Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетті.

Спортшылар мұздағы биден 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алу үшін бақ сынауда.

Ырғақты бидің қорытындысы бойынша олар 50,64 ұпай жинап, аралық есепте 16-орынға тұрақтады.

Бірінші орынға Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс (Литва) жайғасты - 80,92 ұпай.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 21 қыркүйекте өтеді.

Ал ерлер арасында өтетін жекелей сайыста Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғайды.

Қазір оқып жатыр

Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ