Мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама ала алмады

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілдері Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандастарымыз мұздағы би бағдарламасында 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алу үшін сынға түсті. Жолдамаға қол жеткізу үшін үздік төрттікке ену қажет еді.

Алайда бұл міндетті орындау мүмкін болмады. Еркін бағдарламада Датиев пен Наурызова 15-орынға табан тіреді. Қорытынды есепте олар 134.78 ұпай жинап, жалпы 15-орынға тұрақтады.

Олимпиадалық жолдамаларды Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс (Литва) - 198.73, Холли Харрис/Джейсон Чан (Аустралия) - 183.50, София Валь/Асаф Казимов (Испания) - 170.32 және Шиюэ Ван/Синьюй Лю (Қытай) - 168.83 ұпаймен иеленді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр