Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделькина Азия ойындарында төртінші орын иеленді

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 125,12 ұпай жинап, жалпы есебі 188,43 ұпай болды.

Алтын медальді оңтүстіккореялық Ким Чхэ Ён жеңіп алды – 219,44. Күміс жүлде жапониялық Каори Сакамотоға бұйырды – 211,90. Қола жүлдені оның командаласы Хана Ёшида иеленді – 205,20.

Қазақстандық София Фарафонова жарысты 10-орынмен аяқтады – 125,27 ұпай.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трамптан хат алды

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған