Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада жеңіске жетті

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламада бірінші орын алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 95.01 ұпай жинап, жарыстың аралық көшбасшысы атанды.

Екінші орынды Грузия спортшысы Ника Егадзе иеленді - 87.58 ұпай. АҚШ өкілі Джейсон Браун 86.61 ұпаймен үшінші нәтижені көрсетті.

Қазақстандықтар арасынан Диас Жиренбаев жетінші орынға табан тіреді (77.14), Никита Кривошеев – 16-шы (59.33), Олег Мельников – 17-ші орынға жайғасты (54.19).

Айта кетейік, еркін бағдарлама 4 қазанда өтеді.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан