Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

Мәнерлеп сырғанаудан Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында әйелдер арасындағы жекелей сайыста үздіктер анықталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Оңтүстік Корея өкілі Ли Хэ Ин алтын медаль жеңіп алды. Спортшы жалпы есепте 196.84 ұпай жинады. Айта кетейік, ол 2023 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Оңтүстік Корея спортшысы Юн Асун күміс медаль иеленді (174.37 ұпай). Қола жүлде Канададан келген Маделин Щижасқа бұйырды (164.39 ұпай).

Қазақстандық спортшылардың нәтижелері: Амира Ирматова - 6-орын (137.15 ұпай), Нұрия Сүлеймен - 7-орын (124.40 ұпай), София Фарафонова - 9-орын (104.50 ұпай), Вероника Коваленко - 10-орын (86.12 ұпай), Русалина Шакрова - 11-орын (74.71 ұпай).

Қазір оқып жатыр

Балабақша мен мектептерде наурызкөже әкелуге тыйым салынды

ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев ұсталды

Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Ринат Зайыт қайта сайлануға құлықсыз екенін айтты