Манчестерліктер Астанаға ұшып келді

«Ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасы Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келді» деп жазады Tengrinews.kz сайты. 28 қарашада «Астана» командасымен кездесетін ағылшын футболшылары 100 адамдық делегациямен келген.

Алматы, NEGE. Ойыншылар сапында Люк Шоу, Джесси Линград секілді танымал ойыншылар бар. «Астана» командасы мен «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының L-тобында сербтің «Партизан», голландиялық «АЗ» командаларымен бірге өнер көрсетеді. Төртінші турдың есебі бойынша ағылшын клубы мерзімінен бұрын плей-оффқа шығып, Қазақстан чемпионын 1/16 финалындағы мұмкіндіктен қақты. Екі команда 28 қараша күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кешкі сағат 21:45-те кездеседі. Топ бойынша бәсекелес командалардың ойыны Голландияда 2 сағаттан кейін басталады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты