«Манчестер Юнайтед» Криштиану Роналдумен келісімшартты бұзды
Клубтың баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, тараптар өзара осындай келісімге келген.
Алматы, NEGE. "Өзара келісімге сәйкес Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедті"" дереу тастап кетуі керек. Клуб оған 346 матчта 145 гол соғып, "Олд Траффордтағы" екі кезеңде қосқан орасан үлесі үшін алғыс айтады. Оған және оның отбасына алда тек жақсылық тілейді", делінген хабарламада.
13 қарашада Роналду журналист Пирс Морганға берген сұқбатында "Манчестер Юнайтед" халықаралық аренада және ұлттық чемпионатта сәтсіздікке ұшыраған кезде өзін клубтан кетіруге тырысқанын айтты.