«Манас» жыры неміс тілінде басылып шықты

«Манас» эпосы неміс тілінде жарық көрді. Бұл туралы «Кабар» агенттігі Германияның Қызғызстандағы елшілігіне сілтеме жасап жазды.

Алматы, NEGE. «Қырғыз-неміс дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығы аясында біз ерекше дүние ойлап таптық: «Манас» эпосы неміс тілінде және комикс түріндегі суреттермен безендіріле отырып шығарылды! Қазір ғана бояуы кеуіп үлгермеген алғашқы басылымды қолымызға алдық!» делінген хабарламада.

«Манас» – тек қырғыз халқының ғана емес, күллі түркі елдердің тарихы мен салт-дәстүрінен, рухани әлемінен мол мағлұмат беретін энциклопедия тектес мұра. Манас батырдың дүниеге келгенінен бастап, бүкіл үрім-бұтағымен жалғасқан батырлық, ерлік дәстүр қоса жырланатын эпос. Онда қазақ халқының тарихына қатысты оқиғалар да кеңінен қамтылған, қазақ жырларымен сарындас тұстары да жетерлік.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?