Мамытбеков мемлекетті малсыз қалдырғысы келеді
Қазақстанның аграрлық саласы алға баспай-ақ қойды. Күні кеше Ауыл шаруашылығы минстрлігі шетелге мал экспорттауға тыйым салды. Бұл мәселе 2019 жылы көтеріле бастаған. Себебі шетелден сатып алынған асыл тұқымды мал арқылы Ресейді етпен жарылқап, ақшаның астына қалмақ болған қазақ билігі қолындағы түліктің уыстан шығып кеткенін енді түсіне бастаған сияқты.