Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Мамырда мереке көп болғандықтан, қазақстандықтар негізгі демалыстан бөлек, тағы бірнеше күн демалады.

Ақорда

Астана, NEGE. Мамыр басталысымен-ақ ел тұрғындарын ұзақ демалыс күтіп тұр. Биыл 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні жұмаға сәйкес келеді. Осыған орай аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 1, 2, 3 мамыр күндері қатарынан үш күн демалады.

Ал 7 мамыр – Отан Қорғаушы күні бейсенбі күнге келіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар бұл күні мерекелік демалыс алады.

9 мамыр – Жеңіс күні сенбі күнге сәйкес келетіндіктен, мерекелік демалыс 11 мамыр – дүйсенбіге ауыстырылады, сәйкесінше, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер  9, 10, 11 мамыр күндері қатарынан үш күн демалады.

Сондай-ақ мамыр айында қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінің құрметіне сәрсенбі бір күн демалыс алады. Өйткені биыл Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға тура келеді.

Мерекелік демалыстарды қоса есептегенде, мамырда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 14 күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады.

egov.kz

 

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді