Мамыр мерекелерінде қазақ-қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді

7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілері жұмыс істемейді, деп хабарлайды  Мемкірістер комитеті

Алматы, NEGE. Мереке күндеріне байланысты 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктілерінде адамдар, көлік құралдары мен жүк өткізілмейді.

Қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуді жоспарлан отырған барша көпшіліктен шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауын сұраймыз» деп ескертеді комитет.