Мамин украиналық әріптесін кешірмеді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы Асқар Мамин украиналық әріптесі Денис Шмыгалдың өз қол астындағы инфрақұрылым министрінің қатысуымен болған ұятты жағдай үшін сұраған кешірімін қабыл алудан бас тартты.
Алматы, NEGE. 112.ua басылымының хабарлауынша, 12 қарашада Қазақстанның астанасында Асқар Мамин украин делегациясымен кездесті.
Осы кездесу алдында ыңғайсыз оқиға болды, қауіпсіздік қызметі Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклиді Маминмен кездесуге жібермеді, өйткені ол жалған ПТР-анықтама қағазын ұсынған.
Кейінірек украин тарапы бұл оқиға үшін кешірім сұрады. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Украина премьер-министрі Денис Шмигалдың инфрақұрылым министрі Криклимен болған оқиға үшін сұраған кешірімін қабыл алмады, деп жазады 112.ua.
«Комсомольская правда» басылымы да «Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгаль Асқар Маминнен өз қарамағындағылары үшін жекелей кешірім сұрады, алайда Қазақстан премьер-министрі бұл кешірімді қабыл алудан бас тартты» деп жазды.