Мамин Уфа қаласында Қазақстан-Башқұртстан іскерлік форумына қатысты
Биыл Қазақстан мен Башқұрстан арасындағы тауар айналымы 32 пайызға өсіп, 305 млн долларға жетті.
Алматы, NEGE. Мақсаты 1 млрд долларға толтыру. Бұл туралы екі ел арасындағы іскерлік форумда айтылды. Басқосуға Үкімет басшысы Асқар Мамин қатысты. Ол бірқатар салада ынтымақтастықты дамыту үшін мүмкіндік мол екенін жеткізді. Форум аясында химия және тоқыма өнеркәсібі, машина жасау, консалтингтік қызметтер бойынша 8 инвестициялық жобаға қол қойылды. Соның ең негізгілерінің бірі каустикалық сода өндірісін құру. Сондай-ақ ТМД-дағы жалғыз цирконий оксихлоридінің зауыты салынбақ.