Мамин Орталық Азия мен ЕО елдеріне тауар жеткізудібаламалы тізбегін құруды ұсынды

Жаһандық өндірістік процестердегі іркілістердің жалғасуы бірқатар маңызды тауарлар мен қызметтерге қолжетімдікті қиындатып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.   «Экономикалық перспективалардың жақсаруына қарамастан, жаһандық өндірістік процестердегі іркілістердің жалғасуы бірқатар маңызды тауарлар мен қызметтерге қолжетімділікті қиындатып отыр. Осыған байланысты бізге бірлесе жұмыс істеу керек. Яғни біздің елдерді қысқа, орта және ұзақ мерзімдерде қажеттілікті қанағаттандыруға қауқарлы баламалы әрі қосымша жеткізу тізбектерін құру маңызды», - деді Үкімет басшысы Бішкекте «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумында.

Осы орайда Асқар Мамин Еуропа мен Орталық Азия елдері барша стратегиялық маңызды бағыттар бойынша бірлескен өндірістік процестерді құру үшін адами әрі ресурстық әлеуетке ие екенін атап өтті.