Мамин мен Көшербаев «оқшантайдан» түсіп қалды

Экономикалық һәм саяси дағдарыс кезінде қызметінен босатылған Асқар Мамин мен Қырымбек Көшербаев саяси мемлекеттік қызметкерлер санатынан да түсіп қалған. Бұл туралы ORDA сайтына Мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлаған.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының жарлығымен А.Мамин және Қ.Көшербаев қызметтерінен босатылды. Сол себепті олар саяси мемлекеттік қызметкер саналмайды», – деп жауап берген агенттік.

Естеріңізге салайық, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин мен Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Жаңаөзенде басталып, бүкіл республиканы қамтыған, соңы бүлікке ұласқан толқулар кезінде қызметтерінен босатылған еді.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?