Мамин коронавирус жұқтырды ма?

Премьер-министр Асқар Маминге коронавирус диагнозы қойылғаны туралы кейбір Telegram-арналарда таралған ақпарат жалған әрі шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Aлматы, NEGE. «Қазіргі уақытта үкімет басшысы кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр және биыл 10 шілдеде мемлекет басшысының қатысуымен өтетін ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысына дайындық жүргізуде», - делінген хабарламада. 

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды