Мамин Қызылорда облысын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Қызылорда облысының 34 мыңнан астам оқушысы компьютерлермен қамтылады. Ол үшін Үкімет резервінен қаржы бөлмек.
Алматы, NEGE. Сатып алынатын құрылғылар әуелі әлеуметтік осал топтарға жататын отбасыларға беріледі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Қызылорда облысының даму мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық бағыттағы аяқалысы қаралып, жоспарлар айқындалды.
Қызылорда облысын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы жалпы құны 100 млрд теңге болатын 79 жобаға қолдау білдірген екен. Олардың арасында Қызылорда су торабын қайта жөндеу, Арал қаласында және Тереңөзек кентінде сумен және электрмен жабдықтау жүйелерін дамыту секілді ірі жобалар бар.