«Мамам екеуміздің таза еңбегіміз» – Перизат Қайраттың телефонынан ақша толы чемоданның видеосы табылған

Перизат Қайрат ісі бойынша тараптардың жарыссөзі басталды.

Нейрожелі арқылы жасалған сурет

Астана, NEGE. Сотталушы Ғайни Алашбаева жауап беруден бас тартқан болатын. Мемлекеттік айыптаушы Арман Кезекеннің айтуынша, оның ұстанымы белгілі. 

«Бұл жерде Алашбаеваның позициясына тоқталған жөн деп санаймыз. Ол жауап беруден бас тартса да, ұстанымы айқын: ол өз кінәсін мойындамайды, қызы Перизат Қайраттың әрекеттеріне еш қатысы жоғын айтады. Алайда Перизат Қайраттың телефонынан ішінде 20 мың теңгелік купюралар салынған қолма-қол ақшаға толы чемодан түсірілген видео табылды. Онда: «Не деуге болады, ең жақсы жыл болды. Аллаға шүкір. Өз таза еңбегіміз мамамыз екеуміздің», деген сөздер бар», – деді прокурор.

Айыптау тарапының мәліметінше, П.Қайрат пен Ғ.Алашбаеваның үйінен жалпы құны 158,2 миллион теңгеге бағаланған брендтік сөмкелер, аяқ киімдер мен зергерлік бұйымдар, барлығы 140 түрлі зат, тәркіленген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?