«Мама, я живая!». 2022 жылы киносүйер көрерменді не күтіп тұр?
Алматыда «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік трилогиясының үшінші қортынды фильмы - «Мама, я живая!» әлеуметтік драмасының түсірілімі аяқталды. Көрермен көптен күткен, Азизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбековтің режиссерлік дуэті түсіріп жатқан фильм 2022 жылдың көктемінде үлкен экранға шығады.
Қазір шығармашылық топ монтажға кірісті. Фильм – баласы үшін басқан тауы қалмаған барлық аналарға арналған ода. Фильмнің сценарийі бойынша жасөспірім қыз онкологияның күрделі түрімен ауырады. Фильмде баласы үшін бәріне дайын, аурудың қалай пайда болғанын көріп, онымен күресе бастаған ананың ішкі дүниесі ашылады. Сынаққа ұшыраған әйел жалғыз өзі некесін және отбасын сақтап қалуға тырысады.
Әр көрерменнің жүрегіне әсер ететін бұл фильмді түсіруге барлық кәсіби шеберлер жұмылды. Фильмге Сұлтана Шеңгелбаева, Ілияс Аутов, Адель Махмутова, Асланби Медеулов, Бақытжан Орынбасар сынды актерлер тартылды.
«Мен үшін қиын болды. Себебі түсірілім қойылымдары өте эмоционалды, сезімтал еді. Фильм шыққан кезде, оның ішкі дүниесін көрермен бірден сезіп, түсінеді деп ойлаймын», - дейді фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі Адель Махмутова.
«Мен үшін әр эпизод - бұл режиссерлер берген баға жетпес тәжірибе, сол үшін оларға үлкен рахмет! Менің кейіпкерім Мадина - позитивті және көңілді бала, бірақ оның өмірінде қиын кезең басталады. Ол осы қиындықты жеңуі керек. Әрбір көрермен өзіне маңызды ой түйеді деп сенемін»
Бұл - Адель үшін үлкен экрандағы дебют болмақ. Ол небары 14 жаста екеніне қарамастан, рөлді шынайы сомдап шықты. Адель үшін костюм дизайнерлері барын салып жұмыс істеді. Ал визажистер ауруды айна-қатесіз беретін стиль жасап берді.
«Біз визажистпіз, адамның образын жасаймыз. Сондықтан қатерлі ісікке шалдыққан балаларды көру біз үшін маңызды болды. Біз екі рет балалар онкологиялық орталығына барып, осы аурудың теріге беретін әсерін зерттедік. Бұл біздің жұмысымыздағы ең қиын сәттер болды», - дейді визажист Айнұр Рыспекова.
«Фильмнің мақсаты - балалардың онкологиясы мәселесіне қоғам назарын аудару. Сондықтан біз бұл кезеңде адам ағзасы қалай өзгеретінін мүмкіндігінше сенімді түрде көрсетуге тырыстық. Көрермен бұл фильмді көргенде, ойландыратын ұмытылмас эмоция алуы тиіс»
Сценарист, фильмнің режиссері және бас продюсері Азизжан Заировтың айтуынша, фильм коммерциялық емес болса да, оған ерікті түрде саланың барлық кәсіпқой мамандары өздері қатысты. Тіпті сол үшін өзінің басқа жобаларынан бас тартқан шеберлер де бар. Киножобада Мұрат Нұғманов, Ольга Шуппо, Ирина Кельблер, Қазбек Әмежанов, Алексей Филимонов, Илья Коробейников, Бибінұр Бәкеева, Айнұр Рыспекова, Раушан Мамырханова және басқа да көптеген мамандар жұмыс істеуде.
Киножоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ат салысуымен шығарылады.