Малшылар күні пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Малшылар күні пайда болуы мүмкін. Қаулы жобасын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.

Алматы, NEGE. «Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасына берілген түсіндірмеге сәйкес, Малшылар күні мерекесін маусымның екінші жексенбісі атап өту көзделген.

«Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды. Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе саяси-құқықтық және өзге де салдарларды болжамайды. Жобаның мақсаты елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу болып табылады», – делінген АШМ түсіндірмесінде.

Құжат биылғы жылғы 5 мамырға дейін талқылауға ұсынылған.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр