Малика Бектұрова Нұр-Cұлтан әкімі орынбасары қызметінен кетті

Малика Бектұрова әкім орынбасары қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты әкімдіктің баспасөз қызметі растады.

Алматы, NEGE. "Елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова басқа жұмысқа ауысуына байланысты 15 желтоқсаннан бастап қызметінен босатылды", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Telegram арналардың ақпараты бойынша, Малика Бектұрова түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын өңдеумен айналысатын Green Mine компаниясының басқарма төрағасы болды.