Мали президенті отставкаға кетті
Елдегі көтерілістен соң Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейт отставкаға
кетті.
Алматы, NEGE. "Осы уақыттан бастап, өз өкілеттігімді тоқтатамын деп шешім қабылдадым. Мен билігімнің сақталғаны үшін қан төгілгенін қаламаймын", - деді президент тікелей эфирде. Сонымен қатар, ол елдің парламенті мен үкіметі таратылатынын мәлімдеді. Айта кетейік, осыған дейін Малиде көтерілісшілер президент Ибрагим Бубакар Кейт пен премьер-министрді кепілге алғаны хабарланған еді.