Мальдив аралдары туристер үшін шекараларын ашады

Мальдив аралдары туристер үшін 15 шілдеден бастап ашылады. Бұл туралы ВВС мемлекеттің президенті Ибрагим Солихтің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы, NEGE. Халықаралық туристерден COVID-19 тестілеуінің нәтижесі немесе анықтама талап етілмейді. Демалыс орындары қонақтарды қауіпсіздік және гигиена ережелеріне сәйкес қабылдамақ. Еске салсақ, Мальдив аралдары коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында 2020 жылдың наурызында өз шекарасын жауып тастады. Халық саны шамамен 340 мың адамды құрайтын мемлекетте 24 маусымдағы жағдай бойынша 2268 коронавирус жағдайы тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған