Малдың құтырма ауруының қаупі тоқтады

Шығыс Қазақстан облысында малдың құтырма ауруының таралу қаупі тоқтады, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Шығыс Қазақстан облысы Багратион ауылдық округінің Привольное ауылында соңғы он күнде мал өлімі тіркелген жоқ», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда нақыланғандай, Привольное ауылында 11 бас ірі қара мал өлімі тіркелген. Оның төртеуінен зертханалық нәтижелер бойынша құтырма ауруының өлімге себеп болғандығы анықталды.
«Бір сынамадан теріс нәтиже көрсетті. Қалған алты жағдай бойынша қазіргі уақытта зертханалық зерттеулер жалғасуда: люминесцентті микроскопиядан теріс нәтижелер алынды, ақ тышқандардың биосынамасына бақылау жалғасуда (құтырма ауруын зерттеу 30 күнге созылады)», - деп жазды баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, Привольное ауылындағы барлық жануарларға, соның ішінде ірі қара малға, жылқылар мен иттерге жедел егу, жеке аулаларда дезинфекциялық емдеу жүргізілді, жануарлардың өлексесі өртелді.
«Нәтижесінде, аймақта соңғы 10 күн ішінде ауырған мал өлімі тіркелген жоқ. Эпизоотикалық жағдай ветеринарлық қызметтің бақылауында. Айта кету керек, құтырма ауруынан өлген мал иелеріне келтірілген залалдың шығыны өтеледі. Өтемақы алу үшін банктік шоттың нөмірі мен жеке куәлігін көрсету қажет. Ал, мал иесі екенін растайтын және оның өлу себебін анықтайтын құжаттарды жергілікті ветеринария бөлімінің мамандары береді», - делінген хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның екі өңірінде – ШҚО мен Павлодар облысында маллдың құтырма ауруы тіркелген еді.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді