Малавиде тырысқақ ауруы тез тарап жатыр

Тырысқақ ауруы африкалық Малавиде жедел тарап жатыр. Наурыз айында алғаш тіркелген дертпен ауырғандар саны 6 мыңнан асты, - деп хабарлайды 24кз.

Алматы, NEGE. 183 адам қайтыс болды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы қазір ауру Малавидің барлық 29 аймағына тарады, дейді. Өкініштісі, дерттен қорғайтын вакцина саны тапшы. Ол аздай, елде мусон маусымы басталуы мүмкін. Әдетте жаңбыр көп жауса, дерт күшейеді. Тырысқақ эпидемиясы қазір 29 елде бар. Алайда өлім қаупін тудырғанымен дәрігерлер препараттар жеткілікті жағдайда оны тез емдеуге болады дейді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті