Малайзияда диқандар қауынды массаж жасап өсіреді

Малайзиялық диқандар қауынды ерекше күтіммен өсіреді. Олар өсімдікке қолғап киіп, арнайы жұмсақ массаж жасап, тіпті классикалық музыка да қойып береді. Қауынның бұл түрі әлемде ең қымбат деп саналады.

Алматы, NEGE.  Негізі аталған өсімдік қоңыржай климатта өседі, бірақ жергілікті шаруалар малайзиялық ыстық, тропикалық климатқа бейімдеп алған. Жемісті өсірудің қыр сырын жетік меңгеру үшін диқандар Жапонияға барып, тәжірибе алмасқан. Бірінші науқанда 200-ге жуық қауын сатылған. Бір данасы 40 доллар тұрады. Сауда негізінен онлайн жасалуда. Сех Чең Сиаң, қауын шаруашылығының директоры: - Біз әр қауынға өнер туындысы ретінде қараймыз. Бұл ең басты критерий. Суы, тыңайтқышы бәрі тыңғылықты қарастырылуы керек. Осылайша жоғары сапалы өнім шығарамыз. Бізде қазір осы қауынның 10-нан астам түрі бар. Өте ыстық ауа райы сияқты сынақтар баршылық. Тұқымды осы қауынның отаны Жапониядан алдырамыз.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр