“Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр

Алдын алу және мал ұрлығына қатысы бар тұлғаларды анықтау, сондай-ақ осыған ұқсас қылмыстардың орын алуына жағдай жасайтын себептерді жою мақсатында Алматы облысы аумағында 18 мамырдан бастап “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Іс-шара барысында облыс аумағында мал ұрлығының жеті дерегі тіркелді. Барлығы кезекші тәулік ішінде ашылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бұған дейін жасалған мал ұрлығына қатысты 12 қылмысты әшкере қылды. Қолды болған сегіз бас мал табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Мал ұрлығын кәсіп қылу күдігімен 20 күдікті ұсталып, үш қылмыстық топтың жолы кесілді. Іс-шара барысында 24 ет және мал өнімдерін сату орындары тексерілді. 58 шаруа қожалығы мен қыстақтар тексеріліп, малдың қауіпсізідгін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мал және ет өнімдерін тасымалдаушылардың алты көлігі тексерілді. Облыстық полицейлер мал ұрлығының алдын алуға бағытталған арнайы шаралар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті. Тәртіп сақшылары мал ұрлығын болдырмау үшін малды қараусыз жібермеуге, мал қораларда қауіпсіздік шараларын күшейтуге, ал мал қолды болған жағдайда шұғыл полицияға хабар беруге кеңес береді. Уақыт өтіп кетсе, барымташыларды анықтау қиынға түсетіні анық.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды

Таразда оқушы ата-ана құқығынан бас тартқан әкесінен алимент өндіріп алды

Қазақстанда алғаш рет 15 жастағы жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты