31 августа 2023 г. 11:59

Максим Галкинге Қазақстанда концерт өткізуге тыйым салынды

Фото:

Танымал ресейлік әзілкеш, тележүргізуші Максим Галкин Қазақстанда концерт өткізе алмайтынын айтып шағымданды.

Алматы, NEGE. Ресейлік әртіс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Видеода ол Қазақстанда өтетін концертке қатысты бірқатар қиындық туындағанын айтып, бұл жолы қазақстандық көрерменмен қауыша алмайтынын жеткізді.

“Қазақстан билігі менің Астана мен Алматы қалаларында концерт өткізуіме барынша кедергі жасап жатыр. Ұйымдастырушыларыммен бірнеше ай бойы кеш өткізу үшін барымызды салып жатырмыз. Бастапқыда бәрі керемет еді. Билеттер сатылып жатты. Кейін түрлі себептерді ойдан шығарып кедергі жасап, тыйым салды. Билеттерді сату тоқтатылды, кейін қайта сатылымға шықты. Менің концерт өткізуіме бөгет жасап жатқанына қарағанда Қазақстан билігі менен қорқатын сияқты. Дәл қазір мемлекеттік деңгейде кеш өткізуіме жасырын тыйым салынды”, – деді Максим Галкин.

Дегенмен әзілкеш қазақстандық жанкүйерлерімен міндетті түрде кездесуге уәде берді. 

Тегтер: