Мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскелері аукцион арқылы сатылады

Елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша енгізілген түзетулер аясында Мәжіліс депутаттары жерді мақсатына сай пайдаланбау жағдайында оны қайтару тетігін қарастыратын толықтырулар енгізді.

ауыл шаруашылығы министрлігі

Алматы, NEGE. Жаңа нормаларға сәйкес, егер мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскесі жеке меншікке тиесілі болса, ол аукцион арқылы сатылуы тиіс. Осы ретте бұрынғы меншік иесіне тек жер учаскесін сатып алуға жұмсаған бастапқы сомасы ғана өтеледі.

Егер жер аукционда жоғары бағаға сатылса, қалған сомма бюджетке аударылады.

Бұл аукционға үлестес тұлғалардың қатысуын болдырмауға және бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, жер телімдерін мақсатына сай пайдаланбаған меншік иелері жерді сатып алу мен сату арасындағы айырмашылықтан пайда таба алмайды. 

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр