Макронның Тоқаев сыйлаған қазақы тазылармен түскен суреті жарияланды

Франция президенті Эммануэль Макронмемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевсыйлаған қазақы тазы иттерімен бірге көзге түсті.

instagram/soazigdelamoissonniere

Алматы, NEGE. Фотоны Instagram желісінде Франция президентінің жеке фотографы Соазиг де ла Муассоньер жариялады.

"14/03/2024. Елисей сарайы... Жұмыс күнінің соңы", - деп жазды фотограф.

Фотосуретте Франция президентінің жанында үш ит тұр, оның екеуі – тазы.

Былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция президенті этноауыл көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді.

Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын.

Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген-тін.

Кейін Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін