Макрон Қазақстанға жасаған алғашқы сапары жайында әлеуметтік желі парақшасында жазды

Франция президенті 2023 жылғы 1 қараша күнгі Қазақстанға ресми сапарынан кейін әлеуметтік желіде пікір білдірді.

Алматы, NEGE. – Қазақстан мен Франция арасында бүгін көптеген келісімдер жасалды. Бұл — біздің маңызды сын-қатерге қарсы ынтымақтастығымыз. Міне, біздің жастар! Олар – мәдениетіміз бен тілімізді байланыстырушы. Мен Астанада кездестірген жастар – біздің достығымыздың айнасы, – деп жазды Макрон.

Сонымен қатар Макрон Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас жөнінде пікір білдірді.

– Ұлы державалар қайта гегемон атануға ұмтылып жатқан, ал басқа елдер болжап болмайтын күйге түскен әлемде жаңа перспективалар құруға болатын серіктесің мен достарыңа арқа сүйей алатыныңды білген жақсы, – деді Эммануэль Макрон.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады