Макрон қазақ мектептеріне француз тілі сабағын қайтаруды ұсынды

Астанаға ресми іссапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макрон Париж Қазақстан мектептеріне француз тілі сабағы қайта оралуы үшін бар күшін салатынын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Мен мәдени байланыстың нығайғанын қалаймын. Біз қарым-қатынасымызды осы қырынан дамытқымыз келеді... Мысалы, бізге қазақ мектептеріне француз тілін оқытудың қайта оралуы өте маңызды. Жағдайды өзгерту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Біздің білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге көп үміт ортамыз», - деді Макрон. 

Франция президенті 2024 жылдың күзінде Қазақстан-Француз университеті жұмыс істей бастайтынын атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды