Макрон Финляндия мен Швецияны НАТО-ға қабылдау жөніндегі хаттамаларға қол қойды

Франция президенті Эммануэль Макрон Финляндия мен Швецияны НАТО-ға қабылдауға өз елінің келісім беретіндігі туралы хаттамаларға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы РИА Новости Елисей сарайына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл - Финляндия мен Швецияның жақын маңдағы қауіп-қатерге қатысты қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретін еркін таңдауы. Сондай-ақ аталған екі серіктес елдің мүмкіндіктерін ескерсек, ол ұжымдық ұстанымға және біздің еуропалық қауіпсіздігімізге айтарлықтай үлес қосады", делінген француз көшбасшысы әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін хаттамаларға АҚШ президенті Джо Байден қол қойып, одақтастарын Скандинавия елдерін аталған ұйымға тезірек қабылдауға шақырды. Испания, Греция, Португалия, Словакия, Түркия, Чехия және Венгрия бұл өтінімді әлі ратификацияламады, бірақ ұйымның Бас хатшысы Йенс Столтенберг аталған процедураны "соңғы жылдардағы НАТО-ға қосылудың ең жылдам процесі" деп атады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті