Макрон Қазақстанды Сметовтің жеңісімен құттықтады

Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстанды Сметовтің Париж Олимпиадасындағы жеңісімен құттықтады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Дзюдодан қазақстандық Елдос Сметов пен француз Лука Мхеидзе арасындағы финалдық белдесуде Франция президенті көрермен болып отырды.

Сметов жеңіске жеткеннен кейін француз президенті Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі және JENYS клубының негізін қалаушы Алмаз Әлсеновке жүгінген.

«Сізді және Қазақстан халқын осы айтулы жеңіспен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе. Мен Қазақстанның дзюдодан тұңғыш Олимпиада алтынын Францияда алғанына қуаныштымын. Барша Қазақстан халқына және Президент Тоқаевқа сәлем жолдаймын», – деген Макронның сөздері JENYS баспасөз қызметінің релизінде келтірілген.

 

 

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр