Макрон Израильден Газа мен Ливандағы әскери операцияларды тоқтатуды сұрады

Франция Израильден Газа мен Ливандағы әскери операцияларын тоқтатып, саяси диалогқа көшуді сұрайды, деп мәлімдеді Франция президенті Эммануэль Макрон.

Э.Макрон. Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Франция Израильден Ливандағы әскери операцияларын тоқтатуды, құрлықтағы операцияны бастамауды және елдің егемендігін, сондай-ақ БҰҰ алдындағы, атап айтқанда UNIFIL бітімгершілік күштеріне қатысты міндеттемелерін құрметтеуді сұрайды», - деді Макрон Брюссельдегі ЕО саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында

Трансляция Елисей сарайының X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізілді.

Оның айтуынша, «Соғысты үдету ниеті Израильге де, аймақтағы басқа да елдерге бейбітшілік пен қауіпсіздік алып келмейді».

«Хамас жетекшісі Яхья Синвардың қазасы соғысты тоқтатуға мүмкіндік болуы керек. Әскери операцияларды, Газада атысты тоқтату келісімін қабылдап, израильдіктер мен палестиналықтарға сенімді саяси жол ашу керек», - деді Макрон. 

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады