МакГрегор мен Порье реваншқа қашан шығады?
Конор МакГрегор сегіз бұрышқа қашан оралатыны белгілі болды.
Алматы, NEGE. ММА файтері Конор МакГрегордың сегізбұрышқа қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлады Prosports.kz MMA Fighting-ке сілтеме жасап. 2021 жылы 23 қаңтарда МакГрегор америкалық Дастин Порьемен жекпе-жекке шығады. Олардың жекпе-жегі Лас-Вегаста өтетін UFC 257 турнирінің басты оқиғасы болмақ.
Еске салайық, олардың алғашқы жекпе-жегі 2014 жылдың қыркүйегінде өтті. UFC 178 турнирінде бірінші раундта Конор қарсыласын нокаутқа жіберген еді. Соңғы рет МакГрегор 2020 жылдың 18 қаңтарында жекпе-жек өткізіп, Дональд Серронені жеңді. Кейін ол өзінің спорттан кететінін жариялаған еді.