Майра Мұхамедқызы шымкенттік сайлаушыларды әнмен қарсы алды

Әлемге танымал опера жұлдызы Майра Мұхамедқызының Шымкенттің Опера және балет театрында орналасқан сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп, дауыс бергенін жазды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Ешбір сайлаудан қалыс қалмағанмын. Себебі, сайлау – елдіктің нышаны. Өз еліміз бар, өз жеріміз бар, бақытты халықпыз», - деген белгілі  опера әншісі сайлау учаскесіне отбасымен келіп, өз ұжымымен сайлаушылардың көңілін аулап, ән шырқаған.
«Әрбір адам халыққа өзінің қолынан келетін іспен қызмет етуі тиіс. Мен де бүгін құр дауыс беріп қана қоймай, учаске Опера және балет театрында орналасқан соң, сайлаушылар театрдан ән тыңдамай шықпасын деген ниетпен ұжым болып ән шырқадық. Сайлау – үлкен саяси мереке. Қазақтың қай мерекесі әнсіз өткен?!», – деді Майра Мұхамедқызы.