Майкл Джорданның қолтаңбасы аукционда рекорд орнатты

Аты аңызға айналған америкалық баскетболшы Майкл Джорданның қолтаңбасы бар сирек кездесетін коллекциялық карточка Heritage аукционында рекордтық 1,44 млн долларға сатылды.

Алматы, NEGE. Карточка 1997 жылы 23 дана болып шыққан.

Онда «нақты қолтаңба» мен спортшының 1992 жылы Ұлттық баскетбол ассоциациясының (NBA) аңызға айналған Жұлдыздар матчында ойнаған футболкасының бір бөлігі бар. Сатып алған адамның аты аталмады.

Майкл Джорданның бұған дейінгі коллекциялық карточкаларының рекордтық құны 915 мың доллар болған.

Ол да бірнеше ай бұрын Heritage аукционында тіркелген еді. Ал былтыр тамызда спортшының кроссовкасы Christie's аукционында 615 мың долларға сатылды.

Майкл Джордан екі дүркін Олимпиада чемпионы (1984, 1992) және «Чикаго» құрамында алты дүркін ҰБА чемпионы атанған. Сондай-ақ ол «Вашингтон» сапында ойнап, 2003 жылы сол командада карьерасын аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?