Махсут Гусейнов «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

gov.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Махсут Курманалиевич Гусейнов «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Махсут Гусейновтың бұған дейін десанттық-шабуылдаушы әскерлер командирінің жауынгерлік дайындығы жөніндегі орынбасары қызметін атқарғаны белгілі.