Махмұд Сабырхан күміс жүлдеге ие болды

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының қоржыны күміс жүлдемен толықты. 20 жастағы Махмұд Сабырхан әлемдік сынды екінші орынмен аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE.  54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда жапондық Тамоя Цубойдан 0:5 есебімен ұтылды. 

Бұл Махмұд қатысып отырған алғашқы әлем чемпионаты. 20 жасында әлем чемпионатының финалында сынға түскені де Махмұдтың талантты боксшы екенін көрсететіні анық. 

Айта кетелік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов әлемдік сында топ жарған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр