Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды онлайн қабылдады

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн форматта қабылдады, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау, NEGE. Аймақ басшысының кезекті қабылдауына жазылғандар әр түрлі әлеуметтік мәселеге қатысты өтініштерін айтты. Бірқатары тұрғын-үй және жалақысы жоғары жұмыспен қамтуға көмек қолын созуды сұрады.  

Азаматтардың өтінішін тыңдаған аймақ басшысы көтерілген мәселелерді заң шеңберінде шешу жолдары қарастырылатынын айтты. Сондай-ақ облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әр өтініштің артында адам тағдыры тұрғандықтан олардың жеке өз бақылауында болатынын жеткізді.  

Өңір басшысының азаматтарды онлайн қабылдауына қатысқан лаузым иелеріне де өтініштерге қатысты тиісті тапсырмалар берілді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған