Махамбет Досмұхамбетов: Атырау – ірі индустриялық орталық
Атырау Қазақстанның ірі индустриялық орталықтарының бірі. Қазақстандық мұнайдың 55% сол жерде өндіріледі. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.